Halyq Uni логотип
×

Түркияда қаза тапқандар саны 912 адамға жетті

Жер сілкінісі кезінде 5 385 адам жарақат алды

 Халық үні 06.02.2023 | 16:36
Түркияда қаза тапқандар саны 912 адамға жетті
Фото: www.cnnturk.com

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 912 адамға жетті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді.

Жер сілкінісінен 912 отандасымыз қаза тапты, 5 385 отандасымыз жарақат алды. Үйінді астынан 2 470 адам құтқарылды. 2 818 ғимарат қирады, – деді Ердоған.

Ердоған 45 елдің көмек ұсынғанын айтты.

Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы жер сілкінісі болған. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің басшысы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сондай-ақ жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама