×

Жамбылда бес қабатты үйден өрт шықты

Салдарынан 2 адам күйікпен ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 04.02.2023 | 17:05
Фото: t.me/qr_tjm

Жамбылда бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 5 адам құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі ТЖМ-ның Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бүгін сағат 10:10-да Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт сағат 10:34-те жойылды. Өрт сөндірушілердің күшімен 5 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Сондай-ақ 20 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды.

Сондай-ақ министрлік 1981 жылғы пәтер иесі мен оның 1987 жылғы жұбайы күйікпен ауруханаға жатқызылғанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама