×

Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірімдер табылды

Оларды полиция 3 күн іздеген

 Дәурен Ерболат 03.02.2023 | 12:22
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жоғалып кеткен 2 жасөспірім табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Түркістан қаласының полиция басқармасына жалғызбасты аналар хабарласып, көмек сұраған. Олардың айтуынша, біреуінің 10-сынып, екіншісінің 9-сынып оқитын қыздары 29 қаңтарда үйлерінен шығып, қайта оралмаған.

Қыздарды табу үшін тәжірибелі полицейлер іздестіру жұмыстарын жүргізді. Түркістан қаласында орналасқан ойын-сауық орындары, қонақ үйлер тексерілді.

Тәртіп сақшылары жасөспірімдерді 3 тәулік бойы іздеді. Олар облыс орталығындағы 1-шағынаудандағы жалдамалы пәтерден табылды. Осылайша, оқушы қыздар отбасына қайтарылды. 

Полиция 2 жасөспірімнің пәтерді жалға алғанын, 3 күнде сонда тұрғанын анықтады.

Бүгінде оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама