×

Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде тіркелді

 Халық үні 02.02.2023 | 09:26
Фото: Тимур Батыршин

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде жер сілкінді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 08:08 кезінде тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.4. MPV магнитудасы 5.1. Тереңдігі 10 шақырым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама