×

Алматыда бір жылда іздеушісі жоқ 330 адам қайтыс болды

2022 жылы Шымкентте аты-жөні белгісіз 70 адам, елордада 71 адам жерленді

 Айгерім Таубай 01.02.2023 | 11:23
Фото: Владислав Воднев

Алматыда бір жылда аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ 330 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Алматы қаласы салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» ЖШС ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы қалада  аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ адамдар қаладағы «Батыс» зиратқа жерленген.

«Батыс» зиратында аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ адамдарды жерлеуге және биологиялық қалдықтарды көмуге жергілікті бюджеттен 2021-2022 жылдары 17 400 000 теңге бөлінді», - деп жауап берді Алматы қаласы әкімдігі.

Алматыда аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ адамды жерлеуге және тасымалдау жұмыстарына 45 873 теңге жұмсалады.

«Мәйіт ағаш табытқа салынып, жеке қабірге көміледі. Ағаш баған орнатылып, қабірге нөмір беріледі. Қайтыс болған адамға қатысты барлық дерек медициналық мекемеден түскен мәліметке сәйкес қайтыс болғандарды тіркеу кітабына жазылады.

АСТАНА МЕН ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҒДАЙ

Астана әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының хабарлауынша, 2022 жылы аты-жөні белгісіз және іздеушісі жоқ 71 адам жерленді. Жерлеуге қатысты жұмыстарды «Астана – Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС атқарды. Компания бұл қызметі үшін жергілікті бюджеттен 3 054 586 теңге алды.

«Қалада жаз кезінде бір адамды жерлеу құны – 37 610 теңге, қыста – 50 006 теңге. Бұл бағаға жерді қазу, мәйітті көму, ағаш табыт, ағаш белгі, нөмір, ақ мата кіреді.

Шымкент қаласында іздеушісі жоқ адамдарды жерлеу жұмыстарына қала бюджетінен 2 267 000 теңге бөлінген. «ТехЭкоСервис» ЖШС 2022 жылы 70 адамды жерлеген. Мәйіттің барлығы Құрсай шағын ауданында орналасқан христиан мазараны нөмірленіп жерленген.

Бөлінген қаржыға мола қазу, ағаш табыт, бейітке белгі орнату кіреді.

Айта кетейік, Тұран ауданы әкімдігі 2023 жылға іздеушісі жоқ 63 адамды жерлеуге сметалық құжаттама әзірлеп, 2 248 000 теңгеге өтінім берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама