×

Қазақстан Ресей мен Беларусьті санкцияны айналып өту мүмкіндігінен айырады - БАҚ

Осылайша, еліміз өз азаматтарының құқықтарын қорғап жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 31.01.2023 | 14:02
фото: ашық дереккөз

Қазақстан билігі Ресей мен Беларусь тасымалдаушыларын санкцияны айналып өтіп, Еуропа рыногымен жұмыс істей беру мүмкіндігінен айырады. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.

Қазақстан енді айға жетпейтін уақыт ішінде, 20 ақпанда шетелдік автотасымалдаушылар үшін жұмыс істеу ережесін күшейтеді. Жаңадан құрылған компаниялар халықаралық жүктерді тасымалдауға жіберілу құқығынан айырылады. Бұған дейін бұл «лазейканы», яғни ілгекті ілікті Ресей мен Беларусьтің автомобиль тасымалдаушылары санкцияны айналып өтіп, Еуропа елдерімен жұмыс істесу үшін жақсы пайдаланып келген еді.

Қазақстан автотасымалдаушылар мен экспедиторлар басқармасының төрағасы Әсел Садықова Украинада кең ауқымды соғыс басталғалы бері Ресей мен Беларусьтің 5 мыңнан аса жүкшілерінің Қазақстанда қайта тіркелу процедурасынан өткенін айтады.

Жаңа құжаттар оларға «тыйым салынған» бағыттарда жұмыс істеуге мүмкіндік берген. Алайда тілек білдірушілердің көп болғаны сондай, халықаралық тасымалдарға қызмет ететін фуралардың саны содан бері 2,3 есеге дейін көбейіп кеткен. Қорытындысында бұрын-соңды болмаған ахуал қалыптасқан. Жаңадан келгендер (ресейліктер мен белорустар, – ред.) аз уақыттың ішінде нарықтыңң 70 пайызына иелік етіп шыға келді де, қазақстандықтардың Еуропаға сапарға шығу мүмкіндіктері мүлде қиындап кетті. Жергілікті тасымалдаушылар тапсырыстарын күрт жоғалта бастады. Бұдан кейін олар биліктен жағдайды шешіп беруді үзілді-кесілді талап етті.

Садықованың айтуынша, ақпанның үшінші онкүндігінде күшіне енетін жаңа ереже бұдан әрі шетелдіктердің Қазақстанда қайта тіркеуден өтулеріне және жергілікті компаниялардың жұмыстарын тартып алуларына жол бермейді. Осылайша, еліміз өз азаматтарының құқықтарын қорғап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама