×

Ақтауда суға батып бара жатқан әйел құтқарылды

Сүңгуір-құтқарушы оны 8 метр биіктіктен секіріп, ажалдан аман алып қалды

 Дастан Жұмабекұлы 30.01.2023 | 12:27
фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Каспий теңізінің жағалауында суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды. Ақтау қаласының құтқарушыларына әйелдің көпірден суға секіргенін жақын жерде кетіп бара жатқан куәгер хабарлаған. Ақтау құтқарушылары кезекшілікте болғандықтан, куәгер қоңырау шалғаннан кейін оқиғаға орнына 7 минутта жеткен.

Осы уақытта әйел суға бата бастаған. Сүңгуір-құтқарушы әйелді 8 метр биіктіктен секіріп барып құтқарып қалған.

Құтқару операциясына 4 адам қатысты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама