×

42 жастағы ер адам оқушыны тонамақ болды

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 28.01.2023 | 14:00
Фото: AFP 2023 / DANIEL SANNUM LAUTEN

Таразда 9-сынып оқушысын тонамақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 қаңтарда Тараз қаласы ПБ 1-полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, белгісіз адамның кәмелет жасқа толмаған қызына күш қолдану арқылы жеке мүлкін ұрламақшы болғанын айтқан. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байзақ ауданының 42 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдіктінің айтуынша, ол кәмелетке толмағанның құнды затын ұрламақ болған, алайда оқушы айқайлап, көмек сұрай бастаған соң оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазір күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігімен («Тонау») тергеу амалдары басталған. Істің толық мән-жайын анықтау бойынша жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Серік Қүдебаев сотқа мәжбүрлеп жеткізілетін болды

Бұрын Алматы облысы полициясын басқарған Күдебаев қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған еді
30.03.2023 | 13:51

Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға мүшелігіне дауыс береді

Осы аптада Скандинавия елі Солтүстік Альянсқа қосылады
30.03.2023 | 13:30

Биыл елімізде 400 мыңнан аса бала 1-сыныпқа барады

Өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады
30.03.2023 | 13:15

Дәрет ала алмай, кір жуа алмай отыр: сусыз қалған астаналықтардың шағымы

Тұрғындар су, қауіпсіздік мәселесі шешілмейтін болса, ереуілге шығудан тайынбайтынын жеткізді
30.03.2023 | 13:10