×

«Әйел өмір бақи риза болмайды» - Нұрлан имам

Әйел сөйлейді, сол үшін ол - әйел

 Халық үні 28.01.2023 | 08:38
фото: ашық дереккөзден

Белгілі имам Нұрлан қажы Байжігітұлы әйелдерге қатысты шындықты ашып айтып, желіде тағы да қызу талқыға түсіп жатыр. Дін өкілінің пікірінше, отбасылы нәзік жандарға әрқашан көп ақша керек, деп жазады Exk.kz.  

Әлеуметтік желідегі кезекті тікелей эфир кезінде имамға көрермен сұрақ қойды.

«Әйелі күйеуінің тапқан ризығына разы болмаса, ол әйелді не істеу керек?», - дейді көрермен.

Бұл сауалға Нұрлан қажы Байжігітұлы қарапайым ғана тілмен жауап қатты.

«Ешнәрсе істемеу керек. Әйел өмір бақи риза болмайды. Ұрып, тепкілеп, ажыраса беру керек пе? Әйелге көп ақша керек. Қымбат тон, бриллиант алғысы келеді. Сенен мықты ата-бабамыз бен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әйелдері айтқан. Онда тұрған не бар?», - деді имам.

Сондай-ақ имам сөйлей беру әйелдердің ежелден әдеті екенін, өйткені Алла тағала оларды солай жаратқанын алға тартты.

«Әйел сөйлейді, сол үшін ол - әйел. Аузына келгенін айтады. Оны жаба алмайсың. Себебі оларды айтушы етіп Құдай солай жаратқан. Еркектер ұрысқан кезде «Не қатынсың ба?» дейді ғой. Тура солай. Сондықтан әйел айтады, еркек тыңдайды», - деді дін өкілі.

Нұрлан қажы Байжігітұлы жауабының соңында еркектерге өз ақылын айтты. Егер отбасында кикілжің мен ұрыс шығып қалса, еркек үнсіз үйден шығып кеткені абзал. Сыртта біраз жүріп, ашуы тарқаған соң үйіне келіп,«жаным, күнім» деп әйеліне жылы сөздерін айтқаны жөн.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Дизель отынының қоры 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды

Энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
23.03.2023 | 14:24

Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

Белгілі спортшы қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты
23.03.2023 | 14:01

Астана Наурыз көже дайындау бойынша рекордты жаңартты

Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі 10 қазанда дайындалған
23.03.2023 | 13:01

Ақтөбеде 42 жас отбасы баспаналы болды

Облыс әкімі арнайы сертификаттарды табыстады
23.03.2023 | 12:02