×

Қостанай облысында өртенген үйден 2 адамның мәйіті табылды

Оқиғаға қатысы бар күдікті ұсталып, қамауға алынды

 Динара Амантай 27.01.2023 | 14:57
Фото: forpostsevastopol.ru

Қостанай облысының Надеждинка ауылында өртенген үйден 2 адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 23 қаңтарда жанып кеткен үйдің опырылған төбесінің астынан мәйіт табылды. Қар астынан тағы бір адамның мәйіті анықталды.

Аталған жағдайға қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі («Екі және одан да көп адамды өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу аясында мәліметтер жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама