×

Төтенше жағдай кезінде бұғатталмайтын интернет-ресурстардың тізімі жасалады

Қазақстанда интернет-ресурстардың «ақ парағы» енгізіледі

 Дәурен Ерболат 26.01.2023 | 16:20
Бағдат Мусин, фото: profit.kz

Елімізде интернет-ресурстардың «ақ парағы» енгізіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, қаңтар оқиғасы төтенше жағдай кезінде барлық байланыс желісін тоқтатпауға тиіс екенін көрсеткен.

«Мемлекеттік және жеке ұйымдар, банктер, электронды үкімет сияқты бірқатар маңызды нысан кез келген уақытта үздіксіз қызмет көрсетуі керек. Сондықтан біз «ақ парақ» деп аталатын нормативтік-құқықтық актіні қалыптастырып жатырмыз. Онда төтенше жағдай кезінде де қолжетімді интернет-ресурстардың тізімі болады. Мұндай құжатты біз мемлекеттік техникалық қызмет арқылы пысықтаймыз», - деді Бағдат Мусин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама