×

Жетісу облысында қару сатқандар ұсталды

Ол қарулар қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған

 Динара Амантай 19.01.2023 | 18:05
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды сатқан екі ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, арнайы ұстау операциясын Талдықорған маңындағы ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен Ұлттық ұлан арнайы күштерінің қызметкерлері жүргізген.

Көксу ауданының 35 және 40 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардан Калашников автоматы (АК-74), карабин және 5,45 мм калибрлі 30 оқ-дәрі тәркіленді. Арнайы база бойынша тексеру кезінде қарудың қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғандар қатарына кіргені анықталды. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Жетісу облысының ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша жүргізіледі.

Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама