×

Алматы облысының полицейлері бопсалаушылар тобын ұстады

Күдіктілер ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰО-ға қамауға алынды

 Динара Амантай 18.01.2023 | 17:45
Фото: polisia.kz

Алматы облысының Талғар қаласында кәсіпкерден ақша мен қымбат көлік талап еткен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 9 қыркүйекте Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға белгісіз адамдарға қатысты жедел ақпарат келіп түскен. Олар зорлық-зомбылық қолдану арқылы Талғар қаласының кәсіпкерінен ақша мен қымбат көлікті талап еткен.

Қылмыстық іс кәсіпкердің арызы негізінде Талғар аудандық ПБ-да ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы («Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бопсалау») бойынша тіркелді. Кейін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы бөлімше жауынгерлерінің қатысуымен Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ақшаны алу кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары – 20-23 жас аралығындағы 5 азаматты ұстады.

Күдіктілер ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰО-ға қамауға алынды. Қазір олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама