×

Ақтөбеде көлік көпірден құлап кетті

Оқиға орнын тексеру барысында жол бойында көктайғақтың жоқ екені анықталды

 Динара Амантай 18.01.2023 | 10:02
Коллаж: Halyq Uni

Бүгін Ақтөбеде екі көліктің соқтығысуы салдарынан біреуі көпірден құлап кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 18 қаңтар күні сағат 00.30 шамасында Ақтөбеде Заречный кентінің көпірінде Lexus көлігінің жүргізушісі Қарғалы тұрғын алабы маңында жылдамдығын асырып, Subaru көлігімен соқтығысып қалған. Салдарынан Lexus көпірден құлап кетті. Жол апатынан Lexus жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ оқиға орнын тексеру барысында жол бойында көктайғақтың жоқ екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама