×

Қытай халқы азайып жатыр

Бұған «бір отбасы – бір бала» саясаты да кесірін тигізді

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2023 | 17:05
фото: ашық дереккөз

Қытай Мемлекеттік статистикалық бюросының мәліметіне қарағанда, елдегі халық саны былтыр 850 мыңға азайып, 1 млрд 411 млн 750 мың болған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұндай жағдай соңғы 60 жылда болмаған.

Қытай демографиялық дағдарысты бастан кешіп отыр. Оған қоса, өмір сүру жасы ұлғайғаннан зейнетке шыққан тұрғындар артып, керісінше, бала туу көрсеткіші азайған. Бұған «бір отбасы – бір бала» саясаты да кесірін тигізді, –  делінген материалда. 

2021 жылдан бастап мемлекет 3 балаға дейін рұқсат берген болатын. Сонымен қатар, балабақша санын арттырып, қалаларда жас отбасылардың баспаналы болуына көмек көрсетіле бастады. Дегенмен бұл да айтарлықтай нәтиже берген жоқ.

БҰҰ-ның болжауы бойынша, Үндістан биыл халық саны жағынан Қытайды басып озады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама