×

Сауд Арабиясы мұнайға тәуелділікті азайтудың тағы бір қадамын жасады

Ел аумағында құны 1 трлн доллардан асатын бағалы металдардың әлі игерілмеген кен орындары бар

 Дастан Жұмабекұлы 12.01.2023 | 14:37
фото: ашық дереккөз

Сауд Арабиясы ел экономикасының мұнайға тәуелділігін азайту және басқа да пайдалы қазбаларды өндіруді кеңейту үшін бүкіл әлем бойынша тау-кен активтеріне инвестиция салатын компания құрады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Бұл компанияны құрумен елдің ұлттық әл-ауқат қоры мен қордың 67 пайызына иелік ететін Maaden мемлекеттік тау-кен компаниясы айналысады. Компания алғашқы кезде 3,2 млрд долларға қаржыландырылады. Оның 51 пайызы Maaden-ге тиесілі болады. Компания темір рудасына, мыс, никель және лити өндірісіне инвестиция құяды. Сондай-ақ ол инвестиция салатын кеніштерден шикізат жеткізу бойынша келісім-шарттар бекітуге талпыныс жасайды, –  делінген хабарламада.

Басылымның хабарлауынша, осы аптада Сауд Арабиясының ресми өкілдері ел аумағында құны 1 трлн доллардан асатын мыс, алтын және басқа да металдардың әлі игерілмеген кен орындары бар екенін мәлімдеді. Бұл қазба байлық экономиканың басқа секторларын, атап айтқанда туризмді, инфрақұрылымды, білім беруді және ауыр өнеркәсіпті дамыту арқылы мұнайға тәуелділікті күрт азайтуды жоспарлайтын Сауд Арабиясының 2030 жылға межеленген даму бағдарламасын іске асыру үшін стратегиялық маңызға ие болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама