×

Петропавлда пәтерден 20 млн теңгенің заттары ұрланды (ВИДЕО)

Іс сотқа жолданды

 Дәурен Ерболат 10.01.2023 | 17:30
Фото: РИА Новости

Петропавлда полиция 20 млн теңгенің заттарын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Кәсіпкер әйел заттарының ұрланғанын айтып, полицияға арызданған. Айтуынша, күдікті терезені бұзып, үйге кірген. Содан кейін ол ондағы ақша, зергерлік бұйымдарды, ерлер мен әйелдерге арналған әтірді және басқа да құнды заттарды қолды қылған.

Келтірілген шығын сомасы 20 млн теңгеден асады. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Бейнебақылау камераларының көмегімен жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. Оның кім екенін анықтауға көкшетаулық тәртіп сақшылары көмектесті. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған 41 жастағы Көкшетау тұрғыны болып шықты. Ол Астанадағы қонақ үйлердің бірінде ұсталды. Одан ұрланған заттар мен ақшаның біраз бөлігі тәркіленіп, иесіне қайтарылды, – деп жазылған хабарламада.

СҚО ПД басшысының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, осыдан соң пәтердің иесі үйіне бейнебақылау камералары мен дабыл орнататын болып шешкен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама