×

«Қазақстан халқына» қоры қаңтарда зардап шеккендерге 2 млрд теңгеден аса көмек көрсетті

 Динара Амантай 06.01.2023 | 13:30
фото: Halyq Uni

«Қазақстан халқына» қоры қаңтардағы қайғылы оқиғалар барысында зардап шеккен 540 адамға жалпы сомасы 2 млрд теңгеден асатын қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда:

- қаза тапқан 19 әскери қызметшінің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасына – 133 млн теңге (7 млн теңгеден);

- ауыр жарақат алған 111 әскери қызметшіге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне – 333 млн теңге (3 млн теңгеден);

- қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасындағы 23 кәмелетке толмаған балаға – 46 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);

- қаңтар оқиғаларының кездейсоқ құрбаны болған 135 азаматтың отбасына – 945 млн теңге (7 млн теңгеден);

- кездейсоқ құрбан болған Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының отбасындағы 101 кәмелетке толмаған балаға – 202 млн теңге (әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 млн теңгеден);

- атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 138 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға – 414 млн теңге (3 млн теңгеден);

- қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған 13 баланың отбасына – 39 млн теңге (3 млн теңгеден).

Қор қаза тапқан әскери қызметшілердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасына; ауыр жараланған әскери қызметшілерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне және жараланған балалардың отбасына (кәмелетке толмаған балалар) қайырымдылық көмек көрсетуді толық аяқтады.

Бүгінде Қор қаңтар айындағы оқиғалардың кездейсоқ құрбаны болған азаматтардың 12 отбасына және атыс қаруынан зардап шеккен және жәбірленуші деп танылған 131 ауыр жараланған кәмелетке толған азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама