×

Шымкентте үйінің ауласында қарасора өсірген азамат сотталды

Ол 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 05.01.2023 | 16:43
фото: ашық дереккөз

Шымкентте үйінің ауласында қарасора өсірген азамат сотталды. Ол соттың шешімімен 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Шымкент қаласы ПД өкілдерінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары рейд барысында өз ауласында қарасораны заңсыз өсірген жергілікті тұрғынды анықтады. 33 жастағы ер адамнан бір түп есірткі өсімдігі тәркіленді. Осыдан кейін тәртіп сақшылары ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігімен («Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе қарасораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттары бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру») тексеру жүргізіп, қылмыстық істі сотқа жолдады.

Сот үкімімен азаматқа қатысты 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, күдікті қоғамдық орындарда 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама