×

McDonald's Қазақстаннан кетуі мүмкін – БАҚ

Фаст-фуд желісінің жұмысы қиындап барады

 Дастан Жұмабекұлы 05.01.2023 | 10:19
фото: ашық дереккөз

McDonald's фаст-фуд желісі ет жеткізу мәселесіне байланысты Қазақстаннан кетуі мүмкін. Бұл туралы «Ведомости» басылымы хабарлады.

Ресей нарығынан кеткеннен кейін McDonald's Қазақстандағы франчайзилеріне Ресейдегі жеткізушілерден котлеттерге ет сатып алуға тыйым салған. Осыған байланысты қарашада Fod Solutions KZ ЖШС (McDonald's Kazakhstan) иелігіндегі 24 фаст-фуд мейрамханасы жеткізу мәселесіне байланысты жұмысын тоқтатты, –  делінген хабарламада.

12 желтоқсанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық өндірушілердің McDonald's өнімдерін жеткізуге дайын екенін хабарлады.

«Ведомости» басылымының хабарлауынша, Қазақстандағы франчайзингтер бизнеске әкелетін шығынды ескеріп, жергілікті немесе еуропалық жеткізушілерден ет сатып ала алмаған. Сонымен бірге, McDonald's-тың Қазақстандағы франчайзингі Қайрат Боранбаевтың 2022 жылғы 17 наурызда квазимемлекеттік сектордан қаржы жымқырды деген айыппен қамауға алынуы да фаст-фуд желісінің жұмыс істеуін қиындатып барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама