×

Президент Рим Папасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан күллі католик қауымына жеделхат жолдады

 Динара Амантай 01.01.2023 | 12:45
Фото: kaz.orda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы өзінің жеделхатында Рим Папасы XVI Бенедикттің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

Католик шіркеуінің бұрынғы көшбасшысын әлемге танымал рухани қайраткер, бейбітшілік пен өзара түсіністікті, гуманизм идеяларын ілгерілету жолында қажырлы еңбек сіңірген ұлы тұлға деп білеміз. Адамзат баласына аманат етілген құндылықтарды қорғауға айтарлықтай үлес қосқан Аса Қасиетті XVI Бенедикттің жарқын бейнесі әлем жұртшылығының жадында мәңгі сақталады. Қаралы сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан күллі католик қауымына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама