×

Қоян жылын қандай ниет, киім, тамақпен қарсы алған дұрыс? - мамандар кеңесі

Ең бастысы, үйдің интерьері мен безендіретін түске және киімге мән беру керек

 Еркеғали Болатұлы 31.12.2022 | 11:00
фото: wallbox.ru

Қазір жұрт жаппай бүгін түнде жайылатын Жаңа жыл дастарханына жиналуға дайындалып жатыр. Бұл ретте мамандар алдағы жылда өкпе-ренішті ұмытып, кешірімшіл болу керек дейді. Ал отбасын құрамын дегендерге 2023 жыл сәтті болмақ.

Сарапшылар Жаңа жылды мейрамханада емес, үйде, отбасы, ошақ қасында атап өту қажет деп отыр.

Ежелде қоянды бақыттың символы, сәттіліктің белгісі деген. Жалпы алғанда, Қоян жылын табыстың, шаттықтың, қуаныштың жылы дер едім. Әр отбасында айтарлықтай жаңалық болуы мүмкін. Қытай әдебиетінде қоянды айдың көмекшісі болды деген де тәмсіл бар, - деді КТК телеарнасына жауап берген ботаника бағының директоры Артур Ахапов.

Жалпы, қоян ренжісуді ұнатпайтын аң екен. Сондықтан мамандар жылды жеткен жетістіктермен қорытындылап, болашаққа жоспар құруға кеңес береді. Ең бастысы, үйдің интерьері мен безендіретін түске және киімге мән беру керек.

Кейде адамдар киетін киімде қара түсті таңдайды. Бұл түс қоянға сәйкес емес. Керісінше, ашық түсті таңдау керек. Қоян қою түсті ұнатпайды. Оған жылтыр нәрсе киіп, үйді жылтырақтармен безендіру керек. Тіпті үйдің интерьерінде де ашық түс болғаны дұрыс, - дейді отбасы демалыс орталығының басшысы Алла Кувшинова.

Жаңа жылда мерекелік дастарханның да аста-төк болғаны дұрыс. Себебі қояндар тоя тамақ жегенді ұнатады. Аспаздар әсіресе дәмді тамақ пен сәбіз салатының түр-түрін жасау керек дейді.

Жаңажылдық дастарханға көкөністен салаттың түр-түрін жасауды ұсынамын. Әсіресе бақшада өсірілетін табиғи көкөністерді таңдаған жөн. Қалтаға салмақ түсірмейтіндей, дәмді әрі тәтті тамақ жасауға болады, - дейді аспаз Владимир Шверт.

Сондай-ақ Қоян жылы махаббат пен сыйластықты арттырады. Жалпы, 2023 жыл үйленуді жоспарлаған жандарға сәтті болмақ. Өйткені екінші жартысын іздеген адамның өмірінде көптен күткен оң өзгерістер болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама