×

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары өз еркімен қызметінен кетті

Олег Крук бұл қызметті 2021 жылдың сәуірінен бастап атқарған

 Халық үні 30.12.2022 | 10:21
Фото: Владислав Воднев

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары ауысты. Бұл қызметті енді Хасар Хабылбеков атқарады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары болған Олег Крук өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2021 жылдың сәуірінен бастап атқарған.

Жаңадан тағайындалған Хасар Хабылбеков энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелеріне жетекшілік етеді.

Хасар Хабылбеков 1986 жылы туған.

Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастаған.

2017 жылдан 2021 жылға дейін облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Тереңкөл ауданы және Шарбақты ауданы әкімдерінің орынбасары, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы, «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» ММ басшысы қызметтерін атқарды. 

2021 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

ЕКІБАСТҰЗДАҒЫ АПАТ

27 қарашада Павлодар облысында Екібастұз тұрғындары жылусыз қалды. «Екібастұзэнерго» ЖШС-ның хабарлауынша, 27 қарашада түнгі сағат 01:20 уақытында №11 жылу қазандығы тоқтаған. Сосын 01:30 шамасында үлкен көлемдегі желілік су шығынына байланысты, №13, 14 және 15 қазандықтар істен шыққан.

28 қарашада Екібастұз қаласының әкімі жылу желілеріндегі апатқа байланысты қала аумағында техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялады.

Содан кейін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қызметінен босатылды. Оның орнына Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

2022 жылдың 7 желтоқсанында Асайын Байханов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама