×

Украинадағы соғыста 6884 бейбіт тұрғын қаза тапқан

Ал соғыстан зардап шеккендердің саны – 10 947 адам

 Динара Амантай 29.12.2022 | 14:14
Фото: censoru.net

Соғыс басталғалы бері Украинада 6 884 бейбіт тұрғын қаза тапқан десек, оның 429-ы балалар болып тұр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі trtnarusskom Тelegram арнасына сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы (АҚЖКБ) жариялаған деректері 26 желтоқсандағы жағдай бойынша өзекті болып табылады. Хабарламаға сәйкес, соғыста қаза тапқан бейбіт тұрғындардың 2 719-ы – ер, 1 832-і – әйел, 429-ы – бала болса, қалған 1 904-інің жынысы анықталмаған.

Ал соғыстан зардап шеккендердің саны – 10 947 адам. Оның ішінде 2 364 ер, 1 709 әйел, 800 бала бар. Тағы 6074 ересек адамның жынысы көрсетілмеген.

Сондай-ақ есепте өлім мен жарақат алудың ең көп тараған себептерінің ішінде ауыр қару қолдану салдарынан болған жарылыстар атап көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама