×

Шатырдан құлаған қар павлодарлықтың көлігін зақымдады (ВИДЕО)

Ғимараттың директорына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

 Динара Амантай 28.12.2022 | 10:04
Фото: видеодан скриншот

Павлодарда базар маңында ғимараттың төбесінен құлаған қар көлікті зақымдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға академик Шөкин көшесінде орналасқан базар маңында болған. Азық-түлік базары ғимаратының төбесіне жиналған қар Toyota көлігінің үстіне құлаған.

Ғимараттың директорына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік жүргізушісіне келтірілген материалдық залалды өтеу бойынша азаматтық арызбен сотқа жүгіну ұсынылды.

Полиция азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігі мақсатында ғимарат әкімшіліктерін шатырдағы қар мен мұзды уақытылы тазартуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама