×

Ағаш астында отшашу атуға болмайды: мереке кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Мамандар отшашуды ағаш астында тұрып атуға болмайтынын айтты

 Халық үні 27.12.2022 | 20:37
фото: Иван Сухоруков

Астана қаласы төтенше жағдай департаменті мамандары мереке күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астана ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлының айтуынша, іс-шара өткізу кезінде сахнада және залда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты адам болуға тиіс. Сондай-ақ мұндай жерлерде өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру керек.

Іс-шара нысан ішінде өтетін болса, ол жерде міндетті түрде өрт сөндіру құралы болуы қажет.

Мерекелік жиындар өткізілетін орындардың терезесінде тор болса, мұндай жерде і-шара өткізуге болмайды. Шамды қолдану, отшашу және өртке әкелуі мүмкін басқа да өрт қаупі бар жарық шамдарды қолдануға тыйым салынады, - дейді мамандар.

Өрт сөндірушілер қандай да бір нысан ішіне белгіленген адамнан артық кіргізуге де қарсы.

Үйде жасалған жеңіл музыкалық қондырғыны, электр музыкалық жабдықтарды  қолдануға рұқсат етілмейді, - дейді мамандар.

Сондай-ақ отшашуды ағаш астында тұрып атуға болмайды. Жел тұрып тұрған кезде де отшашудан аулақ болған жөн.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама