×

Алматыда фитнес-клубтардан 12 мың еуро үптеген ұры ұсталды (ВИДЕО)

32 жастағы жігіт сол үшін үнемі бір реттік жаттығуға жазылады екен

 Еркеғали Болатұлы 27.12.2022 | 10:30
фото: дереккөз

Алматыда фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген жігіт ұсталды. Жаттығу залдарына бас сұғып, клиенттердің бағалы заттары мен ақшасын қолды қылған ол кезекті қылмыс үстінде қолға түскен. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Қамауға алынған әккі ұрының сұғанақтығы бейнебақылау камерасына да түсіп қалған. Видеодан оның бірден киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, фитнес-клубта жаттығатын адамдардың жеке заттарын алып кеткенін көруге болады.

Айта кетсек, 32 жастағы ұры үнемі бір реттік жаттығуға жазылып, өзгелердің қымбат ұялы телефондарын, зергерлік бұйымдары мен ақшасын үптеп кетуді әдетке айналдырған. Ол әдеті ондаған ұрлыққа себеп болып, 12 мың еуроны қолды еткен.

Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама