×

Асық ату федерациясы «Жыл үздігі» атанды

Жаңалықты федерация президенті Талғат Дүйсеков хабарлады

 Халық үні 23.12.2022 | 17:02
Halyq Uni

Асық ату федерациясы «Үздік ұлттық спорт федерациясы – 2022» номинациясының жеңімпазы атанды. Сүйінші жаңалықты федерация президенті Талғат Дүйсеков хабарлады.

Бүгін «Спорт жұлдыздары» журналы мен Қазақ спорт және туризм академиясының нұсқасы бойынша «ҚР Ұлттық спорт түрлерінің үздік федерациясы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, - деп жазды Талғат Дүйсеков.

Айта кетейік, 21 желтоқсанда Астанада ұлттық спорт үздіктері марапатталды. «Алтын тұғыр» салтанатты жиынында халықаралық жарыстарда бақ сынап, жеңіске жетіп жүрген спортшыларға арнайы мүсінше мен ақшалай сыйақы табысталды.

Асық атудан ерлер және әйелдер ұлттық құрамасы үздік команда деп танылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама