×

Өскеменде жоғалған 5 жастағы бала табылды

Полицейлер оны университеттің маңынан тапты

 Дастан Жұмабекұлы 23.12.2022 | 12:01
фото: polisia.kz

21 желтоқсанда сағат 17:13-те «102» телефон номеріне 26 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті.

Полицияға хабарласқан азамат 5 жасар ұлының жоғалып кеткенін айтып, оны іздеуге көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, бала көліктен шығып, қашып кеткен.

Хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері жоғалған баланы іздеуге кірісіп, барлық жерді аралап, баланы танитын адамдардан сұрастырған.

Тәртіп сақшылары қаланың бірнеше ауласын, саябақтарын, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды мұқият тексерді. Қаланың барлық көшелеріндегі бейнебақылау камераларының жазбасын да зерттеп көрді. Содан кейін іздеу нәтиже беріп, Боран-1 патрульдік экипажының қызметкерлері Дамир Ауғанбаев пен Жасұлан Дәулетханов жоғалған баланы М. Горький көшесінде орналасқан университеттің маңынан тапты. Полицейлер табылған баланы аман-есен анасына тапсырды, – деп мәлімдеді Өскемен қаласының ПБ бастығы Андрей Мула.

Табылған баланың анасы Өскемен қаласының полицейлеріне және іздестіруге қатысқан барлық азаматтарға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама