×

Мұздағы қауіпсіздік ережелері қандай?

Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жасады

 Динара Амантай 21.12.2022 | 17:35
Фото: vsegda-pomnim.com

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұздағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді:

- балаларға ересектердің қарауынсыз мұзда ойнауға рұқсат бермеңіз;

- ешбір жағдайда қараңғыда және нашар көрінуде (тұман, қар, жаңбыр) мұзға шығуға болмайды;

- аяқтың соққысымен мұздың беріктігін тексермеңіз. Егер таяқпен немесе басқа затпен бірінші соққыдан кейін су пайда болса, мұндай мұзға шыға алмайсыз;

- жұқа мұздың белгілері: мұз ашық бұлыңғыр немесе сұр түсті, әдетте қуысты және кеуекті болады. Жұқа мұз еш дыбыс шықпастан бірден жарылып кетеді;

- мұз жарылған кезде немесе ондағы жарықтар енді пайда болғанда аяқты мұздан көтермей, оларды иық еніне қойып, сырғымалы қадамдармен жағаға қарай келген ізбен дереу артқа шегіну керек. Қыста мұздағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтау қажет. Сондай-ақ ешқашан мас халде мұзға шығуға болмайды, – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Семейде мұз жарылып, көлікпен серуендеген 2 жас жігіт өзенге батып кеткен. Сондай-ақ Атырауда 8 жасар оқушы өзенге батқан екі жасөспірімді құтқарған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама