×

Ғалым Амангелді Айталы қайтыс болды

Ғалым жүзден астам ғылыми мақаланың, 5 монографияның авторы

 Халық үні 21.12.2022 | 09:19
Фото: assembly.kz

Ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы 83 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаралы хабарды депутат Ерлан Саиров жеткізді.

Амангелді Айталы ағамыз мәңгілікке аттаныпты. Парасаты мол, рухани тұңғиық азамат еді. Қазақтың рухани әлемін дамытуға өлшеусіз еңбек сіңірген қайраткер Амангелді Айталы ағамыздың туған-туыс, жақын-жекжаттарына қайғырып көңіл айтамыз, - деп жазды Саиров.

Амангелді Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте туған. Ол философия ғылымдарының докторы, профессор.

1959-1964 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында оқыды.

1964-1967 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында білім алды.

Еңбек жолын 1959 жылы бастауыш сыныбының мұғалімі болып бастаған.

Содан кейінгі жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогика иниститутында аға оқытушы, философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарды.

1999-2007 жылдары Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болды.

Амангелді Айталы – 100-ден астам ғылыми мақаланың, 5 монографияның авторы.

2015 жылы ІІІ дәрежедегі «Барыс» орденімен және 2021 жылы ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама