×

Бір тәулікте 182 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 Халық үні 20.12.2022 | 09:20
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда бір тәулікте 182 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Инфекция салдарынан қайтыс болғандар жоқ.

20 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 162 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 339 пациент стационарда, 1 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус инфекциясы анықталғандардың арасында 17 адамның жағдайы ауыр, 4 науқастың жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалаған.

Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама