×

Үйлену тойы кезінде әлем чемпионатынан тікелей көрсетілім қойылды (ВИДЕО)

Видеосы әлеуметтік желіде пайда болды 

 Халық үні 19.12.2022 | 06:20
фото: әлеуметтік желіден

Ресейлік «Зенит» клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ақтаудағы үйлену тойында Аргентинаның жеңісін тойлады, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Жастардың үйлену тойы Ақтау қаласындағы «Хан шахар» салтанат сарайында өткен. Үйлену тойы кезінде мейрамханадағы экрандарда әлем чемпионатынан тікелей көрсетілім қойылған.

Ал әлем чемпионатының жеңімпазы анықталған сәтте футболшының мейрамхананың ортасында шаттанып жүрген видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Айта кетейік, Нұралы Пақтұлы Әліп – Ақтау қаласының тумасы. «Каспий» футбол клубының түлегі. 2015 жылы «Қайрат» клубының жастар командасына алынған.

2018 жылы наурызда алматылық клубтың негізгі құрамына енді. Алғашқы ойынын 11 наурыз күні «Қызылжар» клубына қарсы өткізіп, алаңда 90 минут бойы ойнады. Бұл ойында «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

2020 жылы Қазақстан чемпионы атанды. 2022 жылы қаңтарда «Зенит» клубының қорғаушысы болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама