×

Қостанай облысында 2 көлік соқтығысып, өртеніп кетті (ВИДЕО)

Жол апатынан екі адам қаза тапты

 Динара Амантай 17.12.2022 | 13:44
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында жол аптаынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 10.30 шамасында «Қостанай-Қарабұтақ» автожолының 275-шақырымында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан ол қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «ГАЗель» автокөлігімен соқтығысып, артынша екі көлік те өртеніп кеткен.

Жеңіл автокөлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты. «ГАЗель» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусиннің айтуынша, қазір полиция ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген «Жол қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама