×

Сенат депутаттарының сайлауы: үміткерлердің орташа жасы аталды

Үміткерлердің ішінде 33 әйел бар

 Халық үні 15.12.2022 | 17:59
Фото: Владислав Воднев

Сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның айтуынша, 29 қарашадан 14 желтоқсанға дейін жоғарғы палатаның 20 орнына 130 кандидат парламент сенатының депутаттығына ұсынылған.

Айта кетейік, 2020 жылы Сенатқа кезекті сайлауға 94 кандидат, 2017 жылы – 89 кандидат, 2014 жылы – 88, 2011 жылы 96 кандидат ұсынылды.

Осылайша, кандидаттардың бәсекелестік үрдісі сақталып отыр. Орташа есеппен бір мандатқа 6 адамнан аса үміткерден келеді, - деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

Өңірлер арасында ең көп кандидат Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан ұсынылды – 8 адам. Алматы мен Астана қалаларында 10 адамнан ұсынылды.

5 үміткерден Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысынан ұсынылған. Шымкент қаласынан 6 адам ұсынылды.

Кандидаттардың 97,7 пайызы (127) өзін-өзі ұсынушылар, ал 2,3 пайызын (3) мәслихат ұсынған.

Кандидаттардың орташа жасы 50,5 жасты құрайды. Ең жас үміткер – 30 жаста, үміткерлер арасындағы ең үлкені – 74 жаста.

Ұсынылған үміткерлердің ішінде 33 әйел бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама