×

Түркістан облысында аудан әкімдігінің қызметкері мемлекет қаржысын жымқырған

Аппарат басшысы тәртіптік жауапкершіліке тартылды

 Динара Амантай 14.12.2022 | 14:22
Фото: stan.kz

Түркістан облысында мемлекет қаржысын жымқырған әкімдік қызметкері мен оның басшысына қатысты шара қолдану ұсынысы енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департамент тергеушісі Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас маман – есепшісінің іс-әрекетіне қатысты ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі 1, 2, 3-тармақтарымен қозғалған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі аяқталғанын, істің мәні бойынша Төлеби ауданы әкімі аппаратының бас маман есепшісі «1с. бухгалтерия бағдарламасы» ақпараттық жүйесін жетік меңгеріп, басшысының электронды цифрлық қолтаңба құрылғысын өз бетінше пайдаланып, мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекет қаржысын бірнеше рет жымқыру жолымен мемлекетке 13 млн теңгеден аса шығын келтіргенін баяндады.

Сондай-ақ жиын барысында Төлеби ауданы әкімі аппараты басшылығы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, қарсы тұру, оған жол бермеу, алдын алу жұмыстарының тиісті дәрежеде ұйымдастырылмағаны және ведомстволық бақылаудың әлсіз, немқұрайлы жүргізілетіні туралы айтылды.

Осы орайда, сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық фактісін жасаған есепшіні жұмыстан шығару және аудан әкімі аппаратының басшысын қарамағындағы қызметкердің жемқорлық жасауына жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама