×

«Алматыда полицей төбелес шығарды». ПД өкілдері бұл жағдайға түсінік берді (ВИДЕО)

Электронды ресурс арқылы төбелес дерегі туралы арыз полицияға 12 желтоқсанда түскен

 Еркеғали Болатұлы 13.12.2022 | 16:25
фото: видеодан скриншот

Kozachkov offside Telegram-арнасында Алматыда полиция қызметкері қаладағы элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінің МИҚ төрағасына шабуыл жасады делінген видео жарияланды.

Жазба сипаттамасында оқиғаның Mega Towers тұрғын үй кешенінің МИҚ (меншік иелерінің қауымдастығы) ғимаратында болғаны хабарланған.

МИҚ төрағасымен төбелескен қара киімді ер адам – Алматы қаласы ПД ЖҚБ қызметкері Рауан. Ол тұрғындардың күнделікті жалға берілетін екі пәтерге қатысты шағымдарын шешуге келген. Олар полицейдікі ме, білмеймін. Бірақ тұрғындар бұл пәтерлерде шу шығып, жанжал болатынын, бірақ полицейлер сигналдарға мүлдем әрекет етпейтінін айтады. Сосын Рауан келді, - делінген видео сипаттамасында.

Бұл видеоға қатысты Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдіріп, төбелеске өз қызметкерлерінің қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Видеодағы адамның Алматы қаласы ПД ЖҚБ және ІІМ ЖҚД-ға еш қатысы жоқ. Оның ішкі істер органдарына қатыстылығы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Осы ретте электронды ресурс арқылы төбелес дерегі туралы арыз полицияға 12 желтоқсанда түскенін хабарлаймыз. Факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Кейін Kozachkov offside-арнасында төбелестің тағы бір видеосы жарияланды. Ал Алматы ПД ЖҚБ өздерінде Рауан есімді бір ғана қызметкер бар екенін, алайда Mega Towers-те МИҚ төрағасымен төбелескен ол еместігін жеткізді. МҚИ қызметкерлері де бетпе-бет кездесуде оны бұрын-соңды көрмегендерін айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама