×

Қызылорда облысындағы кен орнында 2 күзетші көз жұмды

Олар 1972 және 1975 жылы туған

 Еркеғали Болатұлы 13.12.2022 | 14:14
фото: ainews.kz

Қызылорда облысында кен орнындағы металл вагоннан жасалған тұрғынжайда улы газдан уланған 2 адам көз жұмды.

Осы оқиғаға байланысты хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне кеше сағат 20:30 шамасында түскен.

Онда серіктестіктің бірінің өкілі Сырдария ауданы аумағында орналасқан Белқұдық Тұзкөл ұңғымасы №49 кен орнындағы тұрғынжайға арналған металл вагонда көміртегі газымен уланған 2 адамның қайтыс болғанын айтқан, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Оның айтуынша, қайтыс болған азаматтар 1972, 1975 жылы туған, Қызылорда қаласының тұрғындары. Олар жергілікті серіктестіктің бірінде күзетші қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама