×

Қарағандыда мүгедектер бірлестігі төрағасының орынбасары өзін-өзі өртемек болды

Ер адам сотта қаралып жатқан азаматтық істі шешуді талап еткен

 Динара Амантай 12.12.2022 | 18:00
Фото:

Бүгін Қарағанды облыстық Полиция департаментінің алдында қала тұрғыны қолына жанармай құйылған құты алып, өзін-өзі өртеп жіберемін деп қорқытқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тәртіп бұзушымен департамент бастығының орынбасары келіссөз жүргізген. Оның заңсыз әрекеттерін тоқтату туралы талаптарына қала тұрғыны көнбей, өзіне және айналасындағыларға қауіп тудырған. Осылайша, ер адам сотта қаралып жатқан азаматтық істі шешуді талап еткен.

Биыл ақпан айында «Жан Дос» қоғамдық ұйымы Қарағанды қалалық ПБ-на қарасты полиция бөлімдерінің айналасын қоршау бойынша тендер ұтып алған. Алайда Қарағанды облыстық ПД-ның мамандары тексеру кезінде «Жан Дос» қоғамдық ұйымы өкілдеріне жұмыстың сапасыз жасалғандығын көрсеткен. Аталған дерек бойынша департаменттің заң бөлімі сотқа арыз беріп, сот оларға 30 қарашаға дейін кемшіліктердің орнын толтыруға уақыт берген. Алайда жауап беруші тарап кемшіліктерді жоймаған. Сондықтан 6 желтоқсан күні Мемлекеттік сатып алу порталында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, жіберілген кемшіліктерге байланысты бұрын жасалған келісімшарт біржақты бұзылды. Келісімшартты бұзуға шартта көрсетілген міндеттерді тиісінше орындамау себеп болған, - деп түсіндірді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Қазір бұл іс бойынша материалдар соттың қарауында және оны қарау 14 желтоқсанға белгіленген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама