×

Жітіқарада ЖҚС қызметкері полицейлерден айласын асыра алмады

Оператор қомақты қаржыны жымқырмақ болған

 Динара Амантай 12.12.2022 | 15:13
Фото: polisia.kz

Жітіқарада жанармай құю станциясының қызметкері ұрлықты қолдан ұйымдастырған, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Қостанай облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, Жітіқара қаласында жанармай құю станциясының қызметкері 600 мың теңгеден аса қаржыны жымқырмақ болған.

 Бүгін таңертең Жітіқара полиция бөлімінің «102» пультіне жанармай құю станциясының бірінде операторға қатысты күш қолданамын деп қорқытқан белгісіз ер адамның кассадан 600 мың теңгеден аса ақша ұрлап кеткені туралы хабар келіп түсті, – деп хабарлады Қостанай облысы ПД-ның бастығы Ерлан Омарбеков.

Оқиға орнын тексеру және жанармай операторына сауалнама жүргізу кезінде полиция қызметкерлерінде берілген ақпараттың шындыққа сәйкестігіне қатысты күмән туындады. Жиналған дәлелдерге байланысты күдікті қыз ақша иемдену мақсатында жалған ақпарат бергенін мойындады. Қомақты қаражат қайтарылды.

Қазір «Жалған ақпарат тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама