×

«Тамақ қымбаттап жатыр». Мемлекет басшысы шенеуніктерге тапсырма берді

Еліміздегі азық-түлік инфляциясы 24%-дан асқан

 Дәурен Ерболат 12.12.2022 | 12:15
Фото: sud.ua

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тамақтың қымбаттап жатқанын, қазақстандықтардың табысы аз екенін айтып, Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Халықтың әл-ауқатын жақсарту керек. Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24%-дан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр, - деді мемлекет басшысы.

Оның пікірінше, Үкімет халықтың табысын арттыру үшін арнайы бағдарлама әзірлеуі керек.

«Елімізде қағаз жүзінде жұмыс істейтін, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар. Негізгі құжат – халықтың табысын арттыру бағдарламасы. Оны қазіргі жағдайларға сәйкестендіру керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстанда инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жеткенін алға тартқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама