×

Хабиб Нурмагомедов Атырауда достарын құтқарған балаға сыйлық жіберді (ВИДЕО)

Ол кішкентай баланың ерлігіне тәнті болды

 Еркеғали Болатұлы 10.12.2022 | 17:10
фото: Петр Карандашов

UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов Атырауда екі досын құтқарған 8 жастағы Дінмұхаммед Жаңбырбайға сыйлық беріп жіберді.

Бұл ретте ол Атыраудағы Batyr Ball турниріне келген еді. Сол кезде жүргізуші оған екі баланы құтқарған жергілікті мектеп оқушысының видеосын көрсетті. Instagram-дағы видеодан сол сәтте Хабиб Нурмагомедовтің кішкентай баланың ерлігіне тәнті болғанын көруге болады.

Жарайсың дегім келеді. Балалар киіммен болды, су салқын, өте қиын. Біріншіден, психологиялық тұрғыда сол жерден кетпеудің өзі – үлкен ерлік. Өз атымнан мына кітапты сыйлаймын. Бір күні кездесеміз деп үміттенемін, - деді спортшы.

Айта кетсек, аталған турнирге Дінмұхаммед Жаңбырбайдың өзі де шақыртылған еді. Бірақ ол бара алмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама