×

Павлодардан Ақтөбеге 400 млн теңгеге жеткізілген картоптың жартысы шіріп кеткен

Бұған шенеуніктердің өзі де таңқалып отыр

 Еркеғали Болатұлы 09.12.2022 | 14:00
фото: vizazh-2.ru

Ақтөбеде тұрақтандыру қорына Павлодардан жеткізілген картоптың бір бөлігі шіріп кеткен. Шенеуніктер оларды іріктеп үлгермедік деп ақталды.

Картоп – тірі организм. Шіріген, бұзылған түрі болады. Оны іріктеп алып тастаймыз. Шіріген картоп дүкендерге бармайды. Халыққа шірігені сатылмайды. Міндетті түрде іріктейміз, - деді «АSECA» ЖШС директоры Ерлан Блиев тілшілерге берген жауабында.

Еске сала кетсек, былтыр да көкөніс құнын тұрақтандыру мақсатында дүкендерде шіріген картоп сатып, ақтөбелік шенеуніктердің басы дауға қалған болатын. Ол кезде де кінәлілерді таба алмай, тұрақтандыру қорына бұзылған тауардың қалай тап болғаны сол күйі айтылған жоқ.

Ал бұл жолы Павлодардан жеткізілген картопты әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясындағылар тілшілерге көрсетпек болған. Қойманы бақылау кезінде тауардың көбі шіріп, босағаны анықталды. Бұған шенеуніктердің өзі де таңқалып отыр. «Екі ай бұрын жеткізілген картоптың алғашқы партиясы таза шыққан» деп күмілжіді олар.

Енді олар комиссия құрып, тауардың бәрін іріктеуден өткізбек. Егер қорға әкелінген картоптың 10 пайызы шіріген болса, кері қайтарылады.

Жалпы, биыл Ақтөбе облысының әкімдігі тұрақтандыру қорына картоп сатып алуға 400 миллион теңгеге жуық ақша бөлген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама