×

Шахтинсктегі уақытша ұстау изоляторын қашқан екеуге қатысты тергеу басталды

Қамақтан қашқан 24 және 25 жастағы екі азамат та ұсталды

 Айнұр Шошаева 09.03.2022 | 11:30
көрнекі фото: Halyq Uni

8 наурыз күні таңертең Шахтинск қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған екі адам қашып кеткен. УҰИ-ден қашқан 24 және 25 жастағы екі азамат та ұсталды. Олар УҰИ ауласында серуендеу сәтінде жалт берген.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қашу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Заң бұзушылар тергеуде болған. Енді негізгі айыппен қоса, оларға изолятордан қашқаны үшін жаза мерзімі қосылуы мүмкін.

Ескере кететін бір жайт, жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауға алынған адамның бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашқан адамға үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама