×

Елімізде баспана бағасы тағы қымбаттады

Бір жылда жаңа үйдің бағасы 26,9%-ға дейін өсті

 Дастан Жұмабекұлы 08.12.2022 | 13:10
фото: ашық дереккөз

Елімізде баспана бағасы бір жылда 26,9%-ға дейін қымбаттады Бір жылда екінші нарықтағы және жаңадан салынған үйлердің бағасы 26,9% дейін өсті.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Ведомствоның мәліметіне қарағанда, бір жылда (2022 жылғы қараша – 2021 жылғы қараша аралығында) пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3%-ға қымбаттаған. Биылғы қарашада пәтерді жалға алу төлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 48,6%-ға өсті.

«Өңірлер бойынша, бір жылда жаңа үйдің бағасы Ақтөбеде – 30,3%-ға, Семейде – 26,9%-ға, Ақтауда 25%-ға қымбаттады. Екінші нарықтағы үйлердің бағасы Талдықорғанда – 44,6%-ға, Ақтауда – 43,3%-ға, Семейде – 42,8%-ға, Ақтөбеде – 42,4%-ға, Астанада – 41,7%-ға, Қызылордада 41,2%-ға  өсті. Алматы (76,6%), Қарағанды (55,7%) мен Қостанай (54,5%) қалаларында тұрғын үйді жалға алудың бағасы көтерілді. Ал бір айдағы статистикаға жүгінсек (2022 жылғы қараша – 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда), екінші нарықтағы баспананы қайта сату бағасы – 1%-ға, жаңа тұрғын үйлер 1,2%-ға қымбаттады», –  делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама