×

Волгоград қайтадан Сталинград болып аталуы мүмкін

Ежелгі Сарысу қаласы 1555 жылы осы жерде іргесін қалаған

 Дастан Жұмабекұлы 07.12.2022 | 10:44
фото: v1.ru

Ресейдің Волгоград облысының әкімшілігі Волгоград қаласының атын қайтадан Сталинградқа айналдыру жолындағы дайындықты бастап кетті. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Волгоградтық шенеуніктер бұл үшін облыс тұрғындарының өңір орталығының бұрынғы атауын қайтаруға қатысты пікірлерін зерттеу жөнінде қоғамдық кеңес құрды. Оны облыс губернаторы Андрей Бочаров «Коммерсантъ» газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтқан.

Қоғамдық кеңестің міндеті оңай емес және өте жауапты. Волгоград облысы тұрғындарының қоғамдық пікірлеріне жан-жақты зерттеу жүргізілуі қажет, – деді Бочаров кеңестің бірінші отырысында.

Оның айтуынша, осы жұмыстың қорытындысына сәйкес шешім қабылданатын болады. Алайда басқа басылымдардың хабаралуынша, Бочаровтың бұл бастамасы Волгоград тұрғындары арасында үлкен алаңдаушылық тудырған. Олар қаланың кеңес диктаторы, мемлекеттік жендет Иосиф Сталиннің есіміне байланысты атауының қайта оралуына қарсы. Ал жергілікті биліктің қаланы «Сталинград» деп атауға құштар болғаны сондай, қараша айында қалалық дума шаһарға кіреберістегі «Волгоград» деген нұсқаулық жазуды жылына бір рет 9 күн «Сталинград» деп ауыстырып тұруға шешім қабылдап қойды. Мұны олар қаланың «ежелгі, ерлікке толы» атауын қайтарудың қажеттілігімен түсіндірді.

Бірақ биліктегілердің бірде-бірі бұл қаланың ежелгі шын аты «Царицын» екенін айтқан жоқ.

Ежелгі Царицын қаласы 1555 жылы осы жерде іргесін қалаған. Ол кезде бұл маңда тірі славян болған жоқ. Ал «орыс» деген ұлт атауы XVIII ғасырда Петр Біріншінің тықпалап таңуымен пайда болды. Шаһарды тұрғызған түркі-қыпшақтар оны «Сарысу» деп атады. Себебі ол Еділге құятын Сарысу өзенінің жағасында қоныс тепкен еді. Кейін Ресей империясы құрылған кезде орыстар оны өздеріне лайықтап, «Царицын» деп өзгертіп алды.

1925 жылы Царицын қанқұйлы коммунистердің көсемі Сталиннің құрметіне «Сталинград» болып аталды. Бұған Иосиф Джугашвилидің бұл қалаға комиссар лауазымында бірнеше рет аялдап, 1918 жылы Еділ өзені үстіндегі баржада көп адамды атқызғаны да бір себепкерлік етсе керек. Ал 1961 жылы Хрущев қаланы «Волгоград» деп атауға пәрмен берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама