×

Ақтауда ыстық су өшірілді

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қолайсыздық үшін кешірім сұрады

 Дастан Жұмабекұлы 05.12.2022 | 13:01
фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласының тұрғындары ыстық сусыз қалып отыр. Қалада ыстық су беру өшірілді.

Lada.kz-тің хабарлауынша, №4 шағын ауданында су әртүрлі уақытта тоқтатылған. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі ыстық судың тоқтағанын растады.

Ақтау қаласы бойынша ыстық судың ысырап болуына байланысты резервуарлардағы суды сақтап, қала тұрғындарына ауыз суды үздіксіз беру және жылыту жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін көппәтерлі тұрғын үйлерде ыстық суды пайдалану уақытша тоқтатылады. Қажетті су жиналғаннан кейін ыстық сумен жабдықтау қалпына келтіріледі. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, –  делінген кәсіпорынның хабарламасында.

Маңғыстау облысының әкімдігі 5 желтоқсанның екінші жартысында ыстық су қайта берілетінін хабарлады.

«Мәселе резервуарлардағы судың жеткіліксіздігінен туындады. Қазір олар толтырылып жатыр. Түстен кейін су беру қайта басталады», – деді Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасының өкілдері.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорнының өкілдері де қазір қажетті суды толтыру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.

«Болжам бойынша ыстық су беру қалпына келтіріледі. Шыдамды болуды сұраймыз, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», –  деді МАЭК өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама