×

1300-ден аса украин әскері тұтқыннан оралды – Зеленский

Украина президенті елін азат етуге уәде берді

 Динара Амантай 04.12.2022 | 10:44
Фото: tv8.md

1300-ден аса украиндық әскери қызметкер еліне оралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Украина президенті Владимир Зеленский елде соғыс басталғалы бері 1300-ден астам украин әскери қызметкері ресейлік тұтқыннан босатылғанын айтты.

Біз қалғандарын қайтарамыз. Бүкіл Украина азат етіледі. Барлық украиндықтар өз үйінде болады, - деді ол өзінің Телеграм арнасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Украинаға 1,2 млрд долларға NASAMS әуе қорғанысы жүйесін беретінін хабарлаған болатынбыз. Ал Ресей болса Украинадағы соғыс қылмыстарын мойындаудан бас тартқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама