×

АҚШ Украинаға млрд долларға NASAMS береді

Қаруды Raytheon Technologies Co (RTX.N) компаниясы жасап шығарады

 Дастан Жұмабекұлы 02.12.2022 | 10:49
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Украинаға 1,2 млрд долларға NASAMS әуе қорғанысы жүйесін беретін болды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Пентагонның хабарлауынша, осы үшін АҚШ Қорғаныс министрлігі Raytheon Technologies Co (RTX.N) компаниясымен 1,2 млрд долларға келісімге отырған. Ведомствода бұл жұмыстың Массачусетс штатындағы Тьюксбери қаласында шамамен 2025 жылдың 28 қарашасына дейін жүзеге асырылатыны атап көрсетілген.

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников бүгінде АҚШ-тан NASAMS және Aspide зенит-ракета кешені келіп жатқанын айтты.

Сондай-ақ бұдан 2 күн бұрын Германия Үкіметі Ресей әскерінен қорғануы үшін Украинаға «Gepard» зенитті танк қондырғыларын көптеп жөнелтетін болып шешті. Қазіргі сәтте сондай 30 танк жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама