×

Алматылық блогер полиция бекетінің шатырынан отшашу атқан (ВИДЕО)

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 10 тәулікке қамалды

 Еркеғали Болатұлы 03.12.2022 | 15:50
фото: дереккөз

Алматыда полиция бекетінің шатырына шығып, отшашу атқан блогер 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Айта кетсек, 24 қарашада белгісіз біреу Алматыдағы стационар полиция постының артқы жағынан төбесіне шығып, сол жерден отшашу атып, кейін жасырынып қалған. Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлері оны анықтап, ұстады.

Жетісу аудандық полиция басқармасы БАҚ пен әлеуметтік желілердегі шуға әуес 21 жастағы жігіттің әрекетін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») және 436-бабы 2-бөлігі («Елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану») бойынша сараптады.

Ол Алматы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен заң бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама